КОНГО ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Қызылордада конго қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған 1 науқас көз жұмды. Санитар мамандардың айтуынша, жыл басынан бері аймақта 12 күдікті жағдай тіркеліп, оның 8-і нақтыланған. Қазір бір науқас ем алуда. Анықтай келе, олардың көпшілігі далалық жұмыспен айналысатыны белгілі болған.
Жалпы аймақта 111 елді мекен қолайсыз аумақ ретінде бақылауға алынған. Көктем мен күзде оларда кенеге қарсы өңдеу шаралары тұрақты жүргізіліп тұрады дейді мамандар. Бірақ жәндік шаққан кезде дәрігерден кеңес алу маңызды дейді, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Мира Боранбаева.
– Үстінеде кенені қолымен жұлып тастай салады. Дер кезінде медициналық көмекке қаралмайды. Сол себептен кейде ауырғаннан кейін барып дәрігерге қаралып жатыр. Негізі кене шаққаннан кейін әрбір адам келіп, медициналық пунктерге қаралып, 14 күннің ішінде оларға медициналық бақылау жүргізілуі керек.







