Олимпиада – 2024: Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жеңісті сериясы жалғасын тапты

186

Мұхаммедсабыр Базарбайұлының  2024 жылғы жазғы олимпиаданың 1/8 финалында Тайвань елінің боксшысы Ен Чу Лаймен жұдырықтасып, төрешілердің басым дауысы бойынша жеңіске жетті. Осылайша Қазақ боксшысы байрақты бәсекенің 1/4 финалына жолдаманы жұлып әкетті.

Айта кетейік, Ол алғашқы айналымда испаниялық Ойер Ибареччемен жұдырықтасты. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Ендігі Мұхаммедсабыр Базарбайұлының 1/4 финалдағы қарсыласы грузиялық Лаша Гурули болмақ. Қос спортшының арасындағы бәсекені тамыз айының 2-сі күні тамашалайтын боламыз.

 

Advertisements