Баланы мектепке жинау үшін 43 мың теңгеден қаражат бөлінеді

83

ҚР Білім министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова 1 тамызда ОКҚ брифингінде жалпыға бірдей білім беру қорындағы балаларға киім-кешек пен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қалай көмек көрсететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің айтуынша, жалпыға міндетті білім қоры жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға қолдау көрсетіп, оқуға қажет құралдар береді.

“Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық қолдау көрсетіледі. Жаңа оқу жылы қарсаңында төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады”, Назымжан Оспанова.

Биыл әкімдіктер мектепке 500 мыңнан астам баланы даярлауға тиісті қаражат бөлген.

Фото: пресс-служба акимата Алматы

Advertisements