Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: Күдіктілердің ата-аналарына қылмыстық іс қозғалды

0
95

Қызылорда облысының полицейлері сыныптастары қызды құлдықта ұстады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Облыстық ПД әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап жатқанын айтады.

“Қызылордалық мектептің ұйымдасқан қылмыстық тобы сыныптасын сексуалдық құлдықта ұстады” деген тақырыптағы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осы фактіге байланысты полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады, кәмелетке толмаған күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу соты күдіктілерге қатысты “үйқамақ” түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды”, – деп хабарлады полиция.

Олар зардап шеккен тарап алты ай бойы құқық қорғау органдарына хабарласпағанын айтты. Қазір бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

“Күдіктілердің ата-аналары дұрыс тәрбие беру міндетін атқармағаны үшін Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды”, – деді полиция.

Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда күдіктілерді анықтау бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында 16 жастағы оқушы қызды осы жылдың ақпан айында сыныптастары жезөкшелікке айналысуға мәжбүрлегені туралы жазған едік. Күдіктілер қызды азаптап, мефедрон алуға мәжбүрлеп, тұншықтырған. Жезөкшелікпен айналысатын әйелдер сайтына тіркеп, жезөкшелікке мәжбүрлеп, ақшасын алып отырған.

Бұдан соң Қызылордалық сот 16 жастағы жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілердің барлығын бостандыққа шығарғаны айтылды.

Advertisements