Балалар жол зертханасының жұмысымен танысты

0
84

Қызылордада жолшылар балаларға ерекше шара өткізді. Аймақтағы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қызметкерлері балаларына жұмыс орнын таныстыру үшін экскурссия ұйымдастырды. Кішкентайлар ата-анасы еңбек ететін жол зертханасына келді.Олар асфальт-бетон материалдарына сынама жұмыстары қалай жүргізілетініне куә болды. Бүгінде ең озық технологиялармен қамтылған орталықта жылына мыңнан аса зертханалық тексеру жүргізіледі. Қайнаған тіршіліктің ортасына түскен балалар ата-аналарының күнделікті жұмысын көріп, бойында мақтаныш сезімі ұялады.

«Әрбір бала үшін үлгі тұтар адамы ол ата-анасы. Жауапкершілік жүгі ауыр салада еңбек ететін біздің мамандар маусымдық кезеңде жер-жерде салынып жатқан жолдардың сапасын тексеруге шығып, апталап-айлап сыртта жүреді. Сондықтан осындай қауырт кезеңге қарамастан үйдегі балаларды зертханаға әкеліп, ата-анасының еселі еңбегін көрсін дедік. Бұл отбасылық құндылықты арттыра түседі деп ойлаймызә»,- дейді филиал директоры Ерболат Көштаев.

Advertisements