ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА ҚОСЫМША 11 ТЕМІРЖОЛ БАҒЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Маусым айынан бастап қыркүйекке дейін үш «Тальго» пойызы, бес стандартты пойыз, сондай-ақ үш бағытқа тіркемелі вагондар қосылады:
- №253/254 «Астана – Достық» (Тальго) пойызы аптасына 2 рет жүреді;
- №207/208 «Алматы – Жаланашкөл» (Тальго) пойызы белгіленген күндері жүреді;
- №211/212 «Алматы – Достық» (Тальго) пойызы күнара жүреді;
- №221/222 «Алматы – Достық» пойызы аптасына 3 рет жүреді;
- №457/458 «Семей – Достық» пойызы күнара жүреді;
- №459/460 «Өскемен – Достық» пойызы күнара жүреді;
- «Алматы – Достық» бағытына тіркемелі вагондар күнара қатынайды;
- «Қызылорда – Достық» бағытына тіркемелі вагондар күнара қатынайды;
- «Павлодар – Достық» бағытына тіркемелі вагондар күнара қатынайды;
- №201/202 «Астана – Алматы» пойызы күн сайын жүреді;
- №203/204 «Астана – Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның пікірінше, қосымша тағайындалған пойыздар арқылы 270 мыңнан астам жолаушыны тасымалдау жоспарлануда.
Билеттерді жол жүру күніне дейін 45 күн бұрын bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады.
Пойыз қозғалысы туралы ақпаратты алу және жолаушыларға қолайлы байланыс арналары ретінде мына ресурстар ұсынылады:
- Қозғалыс кестесін tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-тақтадан көруге болады;
- 1433 байланыс орталығына немесе WhatsApp-чатына +7 776 714 5686 нөмірі арқылы хабарласуға болады.