МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

28

Президент 2025 жылғы 2 мамырдағы жарлықпен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына өзгерістер енгізді

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің уәкілетті тұлғасы:

  • қызметтік тергеуді тоқтата тұру және қайта бастау үшін негіз болып табылатын материалдар мен мәліметтерді уақытылы ұсынады;
  • мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі мәселесін жан-жақты және объективті қарау үшін өзге де жәрдем көрсетеді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы бойынша қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік органның уәкілетті адамының актісімен тағайындалады.

Қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау туралы және мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары туралы мәліметтер қызметтік тергеп-тексеру тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымды атқаратын мемлекеттік органның уәкілетті адамына хабарланады.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқарған мемлекеттік органның комиссиясы қарайды және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыным шығарылған жағдайда, мемлекеттік қызметші теріс қылық жасаған кезде лауазымды атқарған мемлекеттік органның уәкілетті адамы бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметшінің соңғы жұмыс орны бойынша тиісті материалдарды жібереді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге тәртіптік жазаны мемлекеттік органның уәкілетті адамы соңғы атқаратын лауазымы бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері шегінде қолданады.

Уәкілетті адам басқа мемлекеттік органнан берілген қызметтік тергеп-тексеру материалдарын және Комиссияның мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бұрынғы мемлекеттік лауазымдағы тәртіптік теріс қылықтары бойынша тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдарын қараған кезде қосымша қызметтік тергеп-тексеруге материалдар жіберілмейді.

Мемлекеттік қызмет тоқтатылған күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік қызмет тоқтатылған күннен бастап алынып тасталды деп есептеледі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі түзетулер бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін тиісінше орындау кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанын түсіндірді.

Жарлық 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Advertisements