ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ

57

 2025 жылдың маусымында қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс алады, деп хабарлайды paparaci.kz ақпараттық агенттігі. 

2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келіп тұр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дін өкілдерінің ұсынысы негізінде бұл күнді демалыс етіп бекітті.

Демалыс күндерінің кестесі белгіленген жұмыс кестесіне байланысты болады:

Бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 және 8 маусымда (жұма, сенбі және жексенбі) демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) демалады. Ал 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болып қалады.

Осылайша қазақстандықтар мұсылмандардың маңызды мерекесіне орай қосымша демалыс күндерін пайдалана алады.

Құрбан айт күні – құрбандық шалу рәсімін жасау, намаз оқу үшін мешіттерге бару, мұқтаж жандарға көмек көрсету, құрбандық етінің бір бөлігін кедейлерге тарату дәстүрі бар мереке. Сондай-ақ бұл күні адамдар отбасыларымен бірге жиналып, туған-туыстарына, достарына барып, қамқорлық пен мейірім көрсетеді.

фото: Malim.kz

Advertisements