ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚҰРБАН АЙТТА ҮШ КҮН ДЕМАЛАДЫ

40

    Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 6 маусымға, жұма күніне сәйкес келіп отыр. Осыған байланысты Қазақстанда бұл күн ресми түрде мерекелік демалыс болып жарияланды.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үшін 6, 7 және 8 маусым күндері — яғни жұма, сенбі және жексенбі қатарынан үш күндік демалыс болады.

    Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) — демалыс, ал 7 маусым (сенбі) жұмыс күні болып есептеледі.

   Құрбан айт — ислам дініндегі маңызды мейрамдардың бірі. Бұл күндері мұсылман қауымы құрбан шалып, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, игі істер атқарады.

 

Advertisements