СТУДЕНТТЕРМЕН «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

134

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша ЭТТД өкілдері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті. «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында өткізілген шараға ОПД Қиберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Н.Ермаханов және 100-ден астам жас қатысты.
Жиында департаменттің АМІЖ тергеушісі Майра Оралбаева студенттерге қаржылық сауаттылықтың маңызы, дропперлік, құмар ойындарының зардабы жайлы түсіндірді.

Ал ОПД өкілі алаяқтардың жаңа тәсілдері жайлы ақпарат беріп, олардан сақтану жолдары туралы кеңінен тарқатып айтты.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

                     

Advertisements