АПТАП ЫСТЫҚ, ЖАҢБЫР: БҮГІН ЕЛІМІЗДЕ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paparaci.kz ақпараттық агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда бүгін ауа райы тұрақсыз болады. Оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Солтүстік-батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Тек орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең кейбір өңірлерде тұман түсуі мүмкін.
Бірқатар облыстарда өрт қаупі жоғары болып отыр. Атап айтқанда, Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының түрлі бөліктерінде табиғи өрттер қаупі бар. Ал Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды және Жетісу облыстарының кей өңірлерінде төтенше өрт қаупі күтіледі.