ҚАЗАҚСТАНДА ҰБТ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРДІ

88

Ұлттық тестілеу орталығы 23 және 24 мамыр күндері ҰБТ тапсыруға тіркелген талапкерлерге маңызды үндеу жасады.

Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді.

  • 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда;
  • 24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады

  “Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар сізге SMS-хабарлама жіберіледі”, – делінген хабарламада.

 

Advertisements