ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ ҮШ ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРДЫ

Қазақстанда мектеп директорларының тапшылығы айтарлықтай төмендеді: “Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы” жобасын жүзеге асыру барысында бос басшылық лауазымдар саны үш еседен астам қысқарды.
2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектептерде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған “Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы” стратегиялық жобасын іске асырып келеді. Екі жыл ішінде іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен 583 кандидат республикалық кадр резервінің құрамына енді. 2025 жылы тағы 400 үміткер оқудан өтуде.
Жобаны іске асыру барысында мектеп директорларының тапшылығы үш есеге қысқарды. Өңірлердің басым бөлігі басқарушы лауазымдарына арнайы дайындықтан өткен мамандарды тағайындау арқылы кадрлық резервтің мүмкіндіктерін тиімді пайдаланады.







