ЕGOV.KZ ПОРТАЛЫНЫҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ КІМДЕРГЕ ТИІМДІ?

38

ЕGOV.KZ порталында жаңа қызмет іске қосылды. Енді әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына қайта қабылдану үшін онлайн түрде өтінім бере алады.

Қызмет тегін ұсынылады және кем дегенде бір семестр оқуын аяқтаған азаматтар үшін қолжетімді. Бұған дейін мұндай қалпына келу рәсімі қолжетімсіз болған және оқу орнына барып, өтінішті жеке тапсыруды талап еткен. Сондай-ақ жеке куәлік, транскрипт, қызмет орнының мінездемесі, фотосуреттер, әскери билет көшірмесі және басқа да құжаттардан тұратын құжаттар пакетін жинау қажет болған.

Мамандардың айтуынша, өтінімді оқудан шығарылған күннен бастап бір жылдың ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оқу орнына қайта қабылдану мүмкін емес.

Әскери оқу орнына қайта қабылдану үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

  • kz порталына кіріп, авторизациядан өтіп, “Азаматтарға” – “Әскери есеп және қауіпсіздік” – “Әскери қызмет” бөліміне өтіңіз;
  • “Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қалпына келтіру” қызметін таңдап, “Қызметке онлайн тапсырыс беру” батырмасын басыңыз;
  • оқу орнын таңдап, оқудан шығарылғаннан кейін қанша уақыт өткенін көрсетіп, жеке деректерді пайдалануға келісім беріңіз;
  • тұрғылықты мекенжайыңызды көрсетіп, қажетті құжаттарды тіркеңіз;
  • өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растаңыз;
  • кейін “Көрсетілген қызметтер тарихы” бөлімінен нәтижені жеке кабинетіңізден тексере аласыз.

Берілген ақпаратқа сәйкес, өтінімді қарау мерзімі – 20 жұмыс күні.

 

 

Advertisements