МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ОПЕРА ӘНШІСІ ӘЙГЕРІМ АЛТЫНБЕКТІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

163

Қызылордалық Әйгерім Алтынбек Италияда өткен XI Халықаралық CLIP байқауында ел абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінді. Опера әншісі жуырда ғана «Ла Скала» театрына тағылымдамадан өтуге қабылданып, Хосе Каррерас, Андреа Бочелли сынды әлемге әйгілі тенорлармен бірге өнер көрсетуге мүмкіндік алған еді.

Өнерпаз бірінші орыннан бөлек, байқаудың негізгі номинацияларында үздік атанып, абсолютті жеңімпаз болды. Сонымен қатар, көрермен көзайымы жүлдесін, «Үздік әйел дауысы» марапатын және музыка сыншысы, арт-директор әрі педагог Карло Майердың арнайы жүлдесін иеленді.

Туған жерінің абыройын ғана емес, ел намысын асқақтатқан өнер иесіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы құттықтау хатын жолдады.

“Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!” деп жазды Президент.

 

Advertisements