СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕ ТОҒЫЗ ЗАҢСЫЗ СОРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

192

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Сырдариядан заңсыз су алып жатқан тоғыз сорғы қондырғысын анықтады.

Нәтижесінде тоғыз әкімшілік іс қозғалып, тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 1,7 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

“2025 жылдың басынан бері Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының қызметкерлері суды арнайы су пайдалануға рұқсатсыз пайдаланған 62 адамды анықтады. Құқықбұзушыларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 12,7 миллион теңгеден асты”, – деп хабарлады cу ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.

Суды жосықсыз пайдаланудың тағы бір фактісін Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының қызметкерлері анықтады. Нәтижесінде су пайдаланушыға айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.

 

фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Advertisements