ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛҒАШ РЕТ СПИДКУБИНГТЕН ЖАРЫС ӨТТІ

«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін» мерекелеуге орай айлық аясында, Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы спидкубингтен жарыс ұйымдастырды.
Спидкубинг – бұл Рубик текшесін жылдамдықпен жинауды қамтитын жаңа хобби – бұл өзінің нақты ережелері қарастырылған интеллектуалды спорт.
Жыл сайын спидкуберлер арасында Еуропа, Азия және әлем чемпионаттарын өткізетін және нәтижелердің ресми рейтингін жүргізетін Дүниежүзілік кубик қауымдастығы (WCA) бар. Азия чемпионатының бірі 2022 жылы Қазақстанда өтті. Ал Қызылорда облысында алғаш рет мектеп оқушылары арасында сынама жарысы өтіп, біздің балалар осы ғажайып спорт түрінде өздерін көрсетті.
Үздік деп танылғандар: Қазалы ауданының №249, 100, 97 орта мектептерінің оқушылары – Бақытжан Ақниет, Мақсұт Нұрдәулет және Тайғараев Арман және Сырдария ауданы №137 орта мектеп оқушысы Мансұров Нұрахмет.