ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ 194 ЕСКЕРТКІШКЕ QR-КОД ОРНАТЫЛДЫ

0
221

  «Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы қарқынды іске асуда. Бұл  республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер туралы жылдам ақпарат алуға мүмкіндік береді.

QR -код “Quick Response – Шұғыл жауап”- деген мағынаны білдіреді.  Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код.  QR-кодтың көмегімен  интернет желісін қолдану мүмкіндігі бар жерлерде ескерткіштер туралы кез-келген ақпаратты алуға болады.

Тарихи орындармен танысу барысында QR-кодты  қолдану  өте қызықты және ыңғайлы интерфейс болып табылады. Тарихи мәліметтерді алумен қатар, туристер  сол орында еркін бағдарлап жүре алады.

Тақтайшаларға лазерлік граверлеу арқылы штрих-кодтар салынған. Тақтайша ауа-райының кез-келген мезгіліне төзімді сапалы материалдан дайындалып, ғимараттардың қасбетіне, ал қалашықтарға арнайы дайындалған таған  орнатылды. Тақтайшалар интернет желісі жақсы қамтылған аумақтардағы 194 ескерткішке орнатылды.

Advertisements