Қызылордадағы NIS мұғалімі Баймен Сәбит – «Үздік математик»

218

Paparaci.kz. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, математик, профессор Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер арасындағы халықаралық байқау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің мұғалімі Баймен Сәбит 2-орынды иемденсе, тағы бір ұстаз Бекасыл Жәлдешқожаев арнайы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Еліміздің және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен жиналған білімділер додасында барлығы 100 жас математик бақ сынасты. Қатысушылар 7 күрделі есеп шығарып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Жүзден жүйрік шығып, 2-орынды иеленген Баймен Сәбитке 500 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалды. Ал ерекше белсенділігімен көзге түскен жас ұстаз Бекасыл Жәлдешқожаевқа 100 мың теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы табысталды.

Айта кетейік, бұл байқау 2014-2018 жылдар аралығында Қызылорда қаласының жас математиктері арасында өтікізіліп келген. Ал 2019 жылы тұңғыш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.

«Сыр елі тек қасиетті өнердің ғана емес білімділердің де ортасы. Біздің өңірден талайды таңдай қақтырған мықтылар шыққан. Солардың ізін жалғастыру үшін біздің жастар білім мен ғылымға бет бұруы керек. Бұл олимпиада нағыз метематиктерді анықтауға және жас ғалымдардың атын шығаруға үлкен мүмкіндік береді», – деп санайды академик.

Advertisements