2024 жылы “9-20-25” бағдарламасы іске қосылады – премьер-министр

209

Paparaci.kz. Премьер-министр Әлихан Смайылов келесі жылы “9-20-25” бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырғанын, нәтижесінде 8 мың отбасы баспаналы болатынын мәлімдеді.

“Халықтың тарапынан қолдау тапқан бағдарлама – “7-20-25”. Бірақ оны іске асыру үшін қаражат керек. Ұлттық банк өз лимитін қойды. Ал бұл лимит сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз. Енді Ұлттық банк осындай шектеу қойғасын біз, Отбасы банкі мен “Бәйтерек” ұлттық холдингі қазір өзіміздің қосымша тағы бір бағдарламаны әзірлеп жатырмыз. Ол – “9-20-25″ бағдарламасы: 9 пайыз 25 жылға (алғашқы жарна – 20 пайыз)”, – деді Әлихан Смайылов Сенат кулуарында.

Премьер-министр жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу үшін 150 миллиард теңге керегін айтты.

“Бүгінгі жағдайда 9 пайыздың өзі төмен болып саналады. Біз бағдарламаны іске асыру үшін есеп жүргізіп жатырмыз. Оған жыл сайын 150 миллиард теңге керек. Нәтижесінде 8 мың отбасы немесе адам ипотека алады. Бағдарламаны іске қосу үшін біз 100 миллиард теңгені, нарықтан қалған 50 миллиард теңгені Отбасы банкі таза табысынан бөлуі керек. Осылайша, екі қаржы көзін қосып, 9 пайыздық ставкаға шығуы керек. Менің ойымша, бұл бағдарлама жастарға арналады. Оған сұраныс жоғары болады деп ойлаймын”, – деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы бағдарлама 2024 жылы іске қосылады деп сендірді.

“Бағдарламаны іске қосу үшін бізге кем дегенде 1 ай уақыт керек. Келесі жылы (“9-20-25″ – еск.) бағдарламасы болады”, – деді Әлихан Смайылов.

massaget.kz

Advertisements