«Қызылорда-Жезқазған» автожолына полимер асфальт жабындысы төселеді

212

 

Paparaci.kz Елімізде жол құрылысы жылдан жылға дамып, әлемдік талаптарға сай тың технологиялар енгізіліп келеді. Соның бірі, полимер қоспасы бар асфльт жабындысы. Бұл заманауи тәжірибе әсіресе, Еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданылады. Себебі, полимер қосылған асфальт кез-келген климатқа төзімді, әрі өте сапалы болады. Соған сәйкес, жолдың кепілдік мерзімі де ұзарады. Осыған орай, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ ғимаратында жол құрылыс материалдарын зерделейтін «UneedUs» компаниясының өкілдері тың әдіс-тәсілді аймағымызда кеңінен өндіріске енгізу бойынша сала мамандарымен талқылау өткізді. «Қызылорда-Жезқазған» жолына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан жергілікті және қытайлық мердігер мекемелер бұл жаңашылдыққа қызғушылық танытып, өндірісте қолдануға әзір.

Полимер асфальт бетон жабындысын бүкіл Еуропа елдері әлдеқашан өндіріске енгізген. Өйткені, ол жақта жолдың сапасына қатты қарайды. Сондықтан, бұл жаңашылдықты біздің елде де кеңінен қолдануымыз керек. «UneedUs» Германия елінің тәжірибесін Қазақстанға әкелген алғашқы отандық компания. Биыл «Қыран» ЖШС алғаш болып бұл тың әдісті қолданып, Астана даңғылына полимер асфальт төседі. Оны біздің мамандар тексерді, жолға тағылар мін жоқ. Енді осы озық технологияны келер жылы «Қызылорда-Жезқазған» автожолын салып жатқан мердігерлер жолдың беткі қабатына төсейтін болды,- деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ директоры Ерболат Көштаев.

Advertisements