Аймақ жолдарынан мыңнан аса ақау анықталды

200

Paparaci.kz Жыл басынан бері «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының мамандары жөндеуден өткен 238 нысанға тексеру жүргізген. Аспаптық зерделеу барысында жолдардан 294 ақау анықталып, хаттамаларға енгізілді. Ал асфальт жабындыларынан алынған 2814 зертханалық сынаманың 925-і талапқа сай болмай шықты. Яғни, өңірде сапаға салғырт қарайтын жол салушы компаниялар көбейіп барады. Дегенмен, орталық мамандарының ықпалымен анықталған кемшіліктерді түзету бойынша мердігерлердің өз қаражаты есебінен 218 миллион теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Бірақ, әлі де жолдағы олқылықтарға көз жұма қарап, сын-ескертпелерді назарға алмай отырған мердігерлер бар дейді сала мамандары. Жалпы биыл облыста жол жол инфрақұрылымын дамытуға 37,1 млрд. теңге бөлініп, 603 шақырым автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу көзделген.

Advertisements