Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы жер сілкінісі болды
Paparaci.kz Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігі “ННЦСН и И” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 қаңтарда Астана уақытымен сағат 09:56-да тіркеді.
“Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,6. Магнитудасы MPV – 4,7”, – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Ақпарат tengrinews.kz сайтынан алынды. https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kyirgyizstan-men-kyitay-shekarasyinda-tagyi-br-jer-slkns-357305/