Газ тасымалдайтын жүк көлігі жарылды
Paparaci.kz Ұлан-Батырда газ тиелген жүк көлігі жарылып, 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды qazaqstantv телеарнасы.
Моңғолия астанасында газ тасымалдайтын жүк көлігі жарылды. Алапат өрт бірнеше ғимарат пен көліктерді шарпыған.
Соңғы мәлімет бойынша кемінде 6 адам қаза тапқан. Олардың үшеуі – өрт сөндіруші. Құтқарушылар оқиға орнында екінші жарылыс кезінде мерт болды.
Тілсіз жаумен күреске 600-ден астам маман мен 100 шақты техника тартылған. Ел үкіметі жалынның сөнгенін хабарлады.