Күре жолда жүк көліктеріне шектеу қойылады

221
paparaci.kz

http://Paparaci.kz  Наурыз айынан бастап елімізде республикалық маңызға ие күре жолдарда жүк көліктеріне уақытша шектеу қойылады.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министірлігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы  №162 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы аумағында М-32 «Самара-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырымы аралығына және А-17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 12-24 шақырымы аралығына 2024 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында әрбір білікке (оське) түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«Қыстың ызғарынан кейін жердің тоңы жібитіні табиғи құбылыс. Сондықтан бұл уақытта жолдың сапасын сақтау үшін ауыр салмақты жүк көліктерінің жүктемесін азайту қажет. Егер, күре жолды күтіп ұстамасақ, асфальт жабындысы ой-шұқырға айналып, жол қозғалысына қауіп туғызуы мүмкін. Осы орайда, жүк көліктерінің жүргізушілеріне белгіленген талаптарға бағынып, заң бұзушылыққа бармауын сұраймыз»- дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қызылорда облыстық филиалының директоры Ерболат Көштаев.

Айта кетейік, халықаралық жүк тасымалына, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсететін, азық-түлік тасымалдайтын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға және алдын алу жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыратын автомобильдерге шектеулер қойылмайды.

Advertisements