Биыл «Көлік құылысы» мамандығына 1000 грант бөлінеді
Paparaci.kz Елімізде жолшы мамандарын даярлауға айрықша көңіл бөлінбек. ҚР Көлік министрлігінің ұсынысымен биыл жоғары оқу орындарында мыңға жуық білім гранты бөлінетін болды. Яғни, жас түлектер үшін бұл үлкен мүмкіндік. Осыған орай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы, «ҚАЖСервис» ЖШС және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық филиалы мамандары аймақ мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, жолшы мамандығын таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беріп жүр. Жалпы бүгінде жол саласында маман тапшы. Министрлік мәліметіне сүйенсек, жол-көлік құрылысы бойынша қазіргі еңбек нарығында 2 мыңға жуық маман қажеттілігі бар. Демек, жолшы мамандығын таңдаған жас түлектерге оқуын бітірген соң екі қолына бір күрек табылады деген сөз. Қазақстанда «Көлік құрылысы» мамандарын даярлайтын 8 жоғары оқу орны бар. Кәсіби бағдар аясында мектеп оқушыларының жол саласына қызығушылығы оянып, бүгінде осы мамандықты таңдауға ниет білдірген жастар жетерлік. Сыр өңірінің мектеп түлектері «көлік құрылысы» мамандығы бойынша грант иелену үшін барын салмақ.