Елімізде соңғы бес жылда жолдарға 60 мыңға жуық тексеру жүргізілді
paparaci.kz ҚР КМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» 2019 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 16 облыстық жол зертханасын біріктіру жолымен құрылды. Кәсіпорынның мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ жол активтерін басқару болып табылады. Кәсіпорынның еліміздің әр аймағы мен Республикалық маңызы бар қалаларда 20 филиалы, сондай-ақ ISO 17025 стандарты мен ILAC зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның талаптарына сәйкес аккредиттелген 16 сынақ зертханасы бар. 2019-2024 жылдар аралығында ЖАСҰО 59 000 мыңнан астам инспекциялық шығу жүргізді. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда шамамен 141700-ге жуық жол-құрылыс материалдары сынамасы алынды. Осы жылдың басынан бастап сапа орталығы 1,5 мыңнан астам инспекциялық шығу жүргізіп, жол-құрылыс материалдарының 2 мың сынамасын іріктеп алып сынады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 11,4 мың инспекциялық шығу жүзеге асырылды, 40,3 мың жол-құрылыс материалдары сынамасы іріктеліп, сыналды. ЖАСҰО ұсынған тұжырымдамалары нәтижесінде мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 4,1 млрд.теңгенің жұмысын қайта жасады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында зертханалық сынақтар жүргізу кезінде процестерді цифрландыруға көшу бойынша жұмыс жүргізілуде. ЖАСҰО жобаларының бірі – “KazRoadLab”, ол жұмыс жүргізілетін жерде деректерді жинауды жүзеге асыруға және нақты уақыт режимінде орындалған жұмыстар актілерін толтыруға, сынақ нәтижелері туралы деректерді енгізуге, актілерге суреттерді түсіруге және тіркеуге, сараптама нәтижелерін орталық порталға мобильді құрылғылардан жіберуге мүмкіндік береді. ЖҚМ сынамаларын QR сканерлеу таңдалған сынамаларды тиімді бақылауға және белгілеуге мүмкіндік береді. Ведомстволық сараптама порталы жұмыс процесін жеңілдетеді және жол жобаларындағы техникалық кемшіліктер мен тәуекелдерді жедел және сенімді анықтауға мүмкіндік береді.
2023 жылы ЖАСҰО “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі “ISO 37001:2016 халықаралық стандарты бойынша қайта сертификаттаудан өтті. 70 қызметкер “ISO 37001:2016 бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін әзірлеу” сертификаттарын алды. Кәсіпорын комплаенс саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысы туралы, парасаттылықты тексеру туралы, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және басқару жөніндегі ережелерді, Іскерлік әдеп кодексін сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті тудыратын басқа да бизнес-процестерді әзірледі.
Жыл сайын тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде, автожол саласының озық ғылыми-техникалық кәсіпорындарында (Қытай, Корея, Ресей, Беларусь, Германия, Польша, Өзбекстан және т. б.) инженерлік-техникалық қызметкерлер, сарапшылар мен сынақ зертханаларының қызметкерлері біліктілігін арттырады. Жол-құрылыс саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ЖАСҰО жергілікті жерлерде оқыту семинарларын тұрақты түрде ұйымдастырады.
Сапа орталығы жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс істейді, студенттерді ақылы өндірістік практикаға тартады. Бүгінгі таңда 162 студент ЖАСҰО-да тәжірибеден өтіп, 21-і жас маман жұмысқа қабылданды. 2019 жылдан бастап Кәсіпорын қызметкерлері бүкіл Қазақстан бойынша оқушылармен 7000-нан астам кездесу өткізді. РФММ Астана қ. және BINOM SCHOOL мектептерімен меморандумдарға қол қойды. Сапа орталығының зертханаларында апта сайын Ашық есік күндерін өткізіліп тұрады.