14 жастағы қыз Парижде Олимпиада чемпионы атанды

148

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ерекше нәтиже тіркелді, деп хабарлайды  paparaci.kz.

Скейтбордшылар арасында жеңіс тұғырына үш бірдей жасөспірім спортшы көтерілді. Ал араларында 14 жастағы жапон Коко Есидзава жеңімпаз атанды. Нәтижесінде Жапония командалық есепте бірінші орынға шықты.

ХОК мәліметінше, жапон қызы 272,75 ұпаймен стрит бағдарламасында топ жарды. Олимпиада ойындарының күміс жүлдесі Коконың отандасы Лиз Акамаға бұйырды (265,95). Акаманың жасы 15-те.

Үздік үштікті 16 жастағы бразилиялық скейтбордшы Райсса Лил түйіндеді (253,37).

Есидзаваның арқасында Жапония құрамасы медальдық есепте І орынға шығып отыр. Әзірге «күншығыс елінің» қоржынында 7 жүлде бар: 4 алтын, 2 күміс және 1 қола.

Advertisements