Қамшыбек қапы қалды
Олимпиаданың аса ауыр салмақтағы бокс бәсекесінде сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев бірінші кездесуінде испандық боксшы Айюб Джадфаға жол беріп қойды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері үшін алғашқы раунд сәтті басталған еді. Отандасымыз 3-2 есебімен алға шыққан. Бірақ, биылғы Еуропа чемпионы, алып денелі испандық қалған екі кезеңде басымдық танытып, қолда тұрған жеңісті жұлып әкетті.
Осылайша Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтің ізімен вице-капитан Қамшыбек Қоңқабаев та жарысты ерте аяқтап отыр. Сенім артқан алыптарымыз енді ауылға қайтады.