Қызылордалық әйел фитнес-клубты сотқа беріп, 1 млн теңге өндіріп алды
Кызылорда қалалық сотына әйел кісі фитнес-клубтан материалдық және моральдық шығынды өндіріп алу туралы талап арыз берді. 54 жастағы әйел фитнес-клубта ылғалды еденнің салдарынан сүрініп, құлап қалған, – деп хабарлайды paparaci.kz ақпараттық агенттігі.
Сондықтан әйел фитнес-клуб басшылығынан моральдық және материалдық өтемақы талап еткен. Фитнес-клубта жарақат алғаны туралы факт медициналық мекеме қоңырауларын тіркеу журналындағы жазбалармен және басқа құжаттармен расталған.
Сот фитнес-клуб тарапынан тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қажетті шаралар қабылданбаған деген қорытындыға келді. Сондықтан талапкердің талаптары қанағаттандырылды. Фитнес-клубтан әйелдің пайдасына материалдық зиян мен моральдық шығын үшін 1 миллион теңгеден астам өтемақы өндірілді.
Алайда фитнес-клуб бұл шешіммен келіспей, облыстық сотқа шағымданды. Апелляциялық сот істің мән-жайын зерттеп, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, апелляциялық шағымды қанағаттандырмады.
Айта кетейік, Талапкер Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында емделген.