«Қашан жастар ақша бермей жұмысқа тұра алады»: Мұғалім министрден ашық сұрады?

0
163

Мектеп мұғалімі Астанада өткен педагогтер форумында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа жүгініп, мектептегі жемқорлық мәселесін көтерді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

– Мен өзім Ақмола облысына келіп, өзіме жұмыс таптым. Өзімді жұмыспен қамтыдым. Бірақ інілерім, сіңлілерім бар. Бірақ олар бір жерге жұмысқа тұру үшін өтірік емес, кемі 1 немесе 2 млн теңгеге дейін ақша сұрайды. Ол кәдімгі жемқорлық. Мен тек педагог мамандықта демеймін, негізі оңтүстікте көп жемқорлық тараған. Бірақ соның мұғалім мамандығы бізге керек қой!? Қашан мен сияқты ақшасыз өзі жұмысқа тұра ала ма? – деп сұрады министрден бойжеткен.

Бұл Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа Астанада өткен ауыл мектептеріндегі педагогтердің республикалық форумында айтылған. Журналистер кейін Бейсембаевқа осы сұрақ жөнінде пікірін білді.

– Әріптесіміздің қойған сұрағы қай мектепте, қай ауданда болғаны нақты айтылған жоқ. Облысты бірден қаралауға болмайды ғой. Бұл сұрақты сол себепті көпшіліктің алдында қаужағаным жоқ. Жалпы ол ақпараттың себебін анықтаймыз. Ақпарат нақты болса, тексеру қиындық туғызбайды деп ойлаймын, – дейді ол.

Министр өз ведомствосы антикормен бірлесіп, тығыз жұмыс атқарып жатқанын, соның арқасында 15 млрд теңгеден артық сома жымқырылғаны анықталғанын айтады.

Жалпы Қазақстанның өңірлерінде мектептегі жемқорлық жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жазылып тұрады.

Advertisements