Қызылордадағы 16 жасар қыздың оқиғасы: Оқу-ағарту министрі пікір білдірді

199

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылордада сыныптастары кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген оқиғаға қатысты сұрақтарға жауап берді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министр қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын еске салып, бұл мәселені бақылауда ұстайтынына сендірді.

“Қазір тергеу жүріп жатыр. Мен бұл мәселені бақылауда ұстаймын. Облыс басшылығымен сөйлестім. Тергеу әлі жалғасып жатыр, бізге шыдам қажет. Интернеттегі кейбір нәрселер мүлдем шындыққа жанаспайды. Сондықтан тергеу аяқталғанша күтеміз, содан кейін шешім қабылдаймыз. Кейбір тексерілмеген фактілерге және тағы басқаға негізделген асығыс шешім қабылдау арқылы адамның тағдырын бұзуға болады “, – деді Бейсембаев.

Advertisements