Қызылордадан 5 пара спортшы ел намысын қорғайды

0
170

 XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшыларымыздың алғашқы легі Парижге аттанды. Бүгін волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты.

Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Айта кетейік, ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында жерлестеріміз Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Ерасыл Әбдібек, Жоламан Еламан, Станислав Шакиевтер бар.

Advertisements