Сынамалар онлайн зертханада тіркеледі

177

Paparaci.kz “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” РМК ҚОФ мамандары енді онлайн зертханамен жұмыс істейді. Бұл платформада жол құрылыс материалдарына жүргізілген сынамалардың нәтижесі тіркеліп, кез келген уақытта қол жетімді болады. Яғни, мамандар қағазбастылықтан арылып, электронды жүйеге көшуде. Бүгінде филиал қызметкерлері онлайн зертханамен жұмыс істеудің қыр-сырын үйреніп жатыр. Әрбір жолға жүргізілген тексерулер осы платформада сақталады.

– Бұл жаңашылдық арқылы жұмысымыз едәуір жеңілдей түседі. Бұрынғыдай сынамаларды қағазға түсіріп, оны сканерлеп электронды форматқа ауыстырып әуре болмаймыз. Онлайн зертхана арқылы мамандар кез келген уақытта интернет желісі арқылы қажетті мәліметін ала алады. Бұл жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, өндіріс ауқымын ұлғайтуға да мүмкіндік беріп отыр,- деді филиал директоры Ерболат Көштаев.

 

Advertisements