1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттайды

2

Қазақстан электр энергиясына шекті тарифтерді көтереді.

Бұл туралы энергетика министрі қол қойған бұйрықта айтылған.

Ең төменгі тарифтер «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамында электр энергиясының киловатт-сағатына 7,87 (0,015 доллар) — 8,52 теңгеге (0,016 доллар) дейін болады. Ең жоғары — «Степногорск ЖЭО» – сағатына 28,97 (0,05 доллар) теңгеден 38,67 теңгеге (0,07 доллар) дейін көтеріледі. Кейбір компанияларда тарифтер өзгерген жоқ.

Бұған дейін экономика министрлігі коммуналдық қызметтер қымбаттап бара жатқанын айтқан болатын. Ал премьер-министр Бектенов тарифтік саясатты жалғастырудың маңызды екен айтты, өйткені бұл көршілес тұтыну нарықтары бағасының өсуіне әсер етеді.

«Ұлттық экономика министрлігі мен салалық мемлекеттік органдар экономикалық және әлеуметтік құрамдас бөліктер арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, коммуналдық қызметтерге тарифтер мен бағалардың негізсіз өсуін бақылауы тиіс», — деп атап өтті премьер.

Дереккөз: Sputnik

фото: Нұрболат Нұржаубай

Advertisements