Синоптиктер 25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» 25 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жасады.
Синоптиктер болжамынша, циклондар және олармен байланысқан фронтальды бөліктер әліде ҚР аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізетін болады, нәтижесінде елімізде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
— Түнде Ұлытау облысында, күндіз Қызылорда облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, батысында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болады, — делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.
Фото: freepik.com