Қызылордада көші-қон қызметімен заңсыз айналысқандар ұсталды

ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға күдікті бір топ адамның әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Қазақпарат.
Алдын ала деректер бойынша, олар жақын шетел азаматтарына Қазақстанда уақытша тұруға 80-нен астам заңсыз рұқсат рәсімдеген.
Тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленген.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігі, 394-бабының 2-бөлігі және 366-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: ҚР ҰҚК