ПРЕЗИДЕНТ АҚТАУДАҒЫ КӨТЕРМЕ САУДА-ТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ

43

     Азық-түлік қауіпсіздігін сақтайтын мұндай нысан Маңғыстау өңірінде  алғаш рет салынып отыр. Орталық өңірді азық-түлікпен қамтамасыз ету, тұтынушылармен арадағы делдалдарды азайту және өнім бағасын төмендету мақсатында өз жұмысын бастады.

      Аумағы 80 мың шаршы метр болатын кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған.Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

 

Advertisements