ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 112 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

33

Елімізде “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 45 пайызы ауылдық жерлерде салынады. Айта кетейік, 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашқан болатын.

Ұлттық жобаның мақсаты – балаларды  заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін біліммен қамту. Материалдық-техникалық базасы талапқа сай білім ошақтары оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал етуде.

Жалпы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 460 мың орындық 217 мектептің құрылысы жоспарланған.

 

 

 

Advertisements