Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 143 мың теңгеден асты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі зейнетақы жарналарына қатысты қызықты статистиканы ұсынды. Жыл басынан бері қазақстандық зейнеткерлерге 1,7 триллион теңгеден астам жәрдемақы төленген.
Жыл басынан бері базалық зейнетақы төлеуге – 564,7 млрд. теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн. 181,2 млрд. теңге қарастырылды.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны – 2 млн. 481 мың адам.
Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 814 теңге, базалық зейнетақы – 47 688 теңге.
2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% – ға ұлғайтылды.
Биылдан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.







