ЕЛІМІЗГЕ БЕЛГІЛІ ДІНТАНУШЫ СЫР ӨҢІРІНДЕ

Қызылорда облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра — Орда” қоғамдық қорымен жүзеге асырылып жатқан «Облысқа республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерін немесе теолог, дінтанушы және өзге де діни сала мамандарын шақыру, іс-шаралар өткізу» әлеуметтік жобасы аясында 2025 жылғы 16–18 маусым күндері аралығында Сыр өңірінде бірқатар маңызды кездесулер ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараларға арнайы шақырылған Сарыағаш медресе колледжінің директоры, «Әбішұлы Сатыбалды» мешітінің бас имамы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшесі Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы қатысып, Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында түрлі сала өкілдерімен мазмұнды кездесулер өткізді.

Сапар аясында Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Шиелі ауданында еңбек ұжымдарымен, дін қызметкерлері және мешіт жамағатымен жүздесіп, діни тұрақтылықты сақтау теріс діни ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр үндестігі, діни сауаттылықты арттыру тақырыптарында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында мәдениет саласының қызметкерлерімен, әлеуметтік сала мамандарымен, осал топ өкілдерімен, спорт саласының мамандарымен, ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерімен, дін қызметкерлері және мешіт жамағатымен кездесулер өткізіліп, қатысушылар көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алды.







