СЫР ТАРИХЫНАН СЫР ШЕРТЕР ЕСКЕРТКІШТЕР – ИНТЕРАКТИВТІ 3 D КАРТАДА

0
195

   Қызылорда облысында тарихи-мәдени мұраларды насихаттау мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша  2 жоба жүзеге асырылды. Соның бірі – аймақ ескерткіштерінің 3 D форматтағы интерактивті картасын әзірлеу» жобасы.

  Жобаның мақсаты – облыс көлеміндегі 150  ескерткіштің 3D форматтағы интерактивті картасын құру. Бірінші кезекте, ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміндегі және республикалық, жергілікті маңызы бар ескерткіштер енгізілді. Соның нәтижесінде интернет-ресурстарда ескерткіштер туралы толық мәліметтер қамтылған интерактивті 3D картасы қалыптасты.

  Интерактивті картада ескерткіштер арнайы белгілермен белгіленді. Қолданушы ескерткіштің белгісін басқанда өзіне қажетті ақпаратты ала алады.Инновациялық әдістер мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен ескерткіштің толық витруальды моделі қалыптасып, 3 тілде ақпарат алуға, барлық ракурстан түсірілген фотосуреттерін, 3D форматтағы бейнесін, панорамалық көрінісін, бейнероликтер, виртуалды музей тамашалауға мүмкіндік жасалған.

  Облыстың 3 D форматтағы интерактивті картасын virtualmap.xyz арнайы сайты арқылы көруге болады.

  Жобаны жүзеге асыру кезінде далалық экспедиция жұмыстары жүргізілді. Заманауи техникалармен (3D сканер, панорамная камера Garmin (Джармин, дрон) жабдықталған экспедиция ескерткіштің 3 D форматтағы моделін дайындау кезінде аэрофото түсірілімін, ескерткіш орналасқан орны мен табиғи ландшафтын көрсететін сканерлеу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, интерактивті картада қамтылатын нысандар туралы толық ақпараттық базаны қалыптастыру мақсатында олардың тарихын, аңыз-әңгімелерін жинақтау шаралары да жүргізілді.

 

Advertisements