СЫР САҢЛАҒЫ ЕРАСЫЛ СӘУЛЕБЕКОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

161
Елорда төрінде өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында қызылордалық ауыр атлет, Қазақстан жастар құрамасының өкілі, екі дүркін Әлем чемпионы Ерасыл Сәулебеков 88 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Айта кетейік, Сыр саңлағы Қазақстан құрамасына үш алтын медаль алып келді. Атап айтсақ,  жұлқа көтеруде – 153 кг, серпе көтеруде – 191 кг көтеріп, қоссайыс нәтижесі – 344 кг  жинақтап, Азия чемпионатында топ жарды.
Advertisements