ҰЛТТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

0
205

       Елімізде 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл ауыл шаруашылығының жай-күйін объективті әрі тұтас бағалауға және осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік береді. 

       Былтыр еліміз бойынша пилоттық санақ 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіліп, 54 елді мекен қамтылды. Сауалнамаға 32,4 мың үй шаруашылығы қатысты, олардың 27,1 мыңы сауалнамаға алынды, бұл жалпы санның 83,5%-ын құрады. Онлайн сауалнамаға 18,6 мың респондент, оның ішінде 13,3 мың ұйымдасқан шаруашылық және 5,3 мың үй шаруашылығы қатысты. Пилоттық жоба барлығы 45,7 мың респондентті қамтыды.

Биыл санақ екі кезеңде өтеді:

  1. 2025 жылғы 1-31 тамыз аралығы – онлайн сауалнама (https://sanaq.gov.kz сайты арқылы);
  2. 2025 жылғы 20 қыркүйек – 20 қазан аралығы – санақшылар елді-мекендерді аралап, сауалнама жүргізеді.

 

Advertisements