ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ 21 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН

0
154

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері 1 жыл ішінде 21%-ға азайған. Яғни, былтыр 40 мың шағым түссе, биыл 17 мыңнан аса шағым тіркелді. Бүгінде зардап шеккендерге көмек көрсететін 30-ға жуық орталық бар. Олардың бәрі де ірі қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан.

“Азайды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені бізде осы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатайды. Бізде жалпы 7 жылда 2017 мен 2024 жыл аралығында біз осы орталықтарда 27 мың адамға қолдау көрсеткен болатынбыз. Негізгі мақсат жаңа айтып кеткендей, мұндай орталықтарды керісінше азайту” – дейді ҚР ЕХӘҚМ Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаментінің бас сарапшысы Азамат Рашитов.

Министрлік дағдарыс орталықтарының жұмысын жетілдіру үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігін іске қоспақ. Яғни, бұған дейін жергілікті әкімдік тарапынан жалпы орталыққа қаражат бөлінсе, енді нақты көмек алған азаматтың шығынына сай қарастырылады. Сондай-ақ әр өңірдің экономикалық жағдайы да ескеріледі.

 

Advertisements