ЕЛДЕ СУ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

0
297

Елде су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға дейін өседі. Қазіргі таңда 25 мыңнан аса маманның айлығын көтеру жоспарланған. Бұл қатарда сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін жұмысшылар бар.

Бастама су шаруашылығы саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті маман тартуға жол ашады. Министрлік ақпараты бойынша “Табиғи монополиялар туралы” заңға енгізілген жаңашылдық алдағы күзден бастап күшіне енеді. Айта кетсек, 2030 жылға дейін елдегі  су шаруашылығы мамандарына қажеттілік 2000 адамға жетеді деп болжанып отыр.

Advertisements