ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

97

«Ауыл» партиясы Қызылорда облыстық филиалы мен Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісімнің басты мақсаты – жастар саясатын дамыту, жаңа жобаларды жүзеге асыру, шығармашылық пен кәсіпкерлікті қолдау, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шаралар өткізу, «Мейірім құшағы» комиссиясы арқылы студент қыздарды жан-жақты қолдау.

Меморандум аясында жастардың әлеуетін арттыруға, ауыл жастарын қолдауға, мәдениет және өнер, білім, кәсіпкерлік және инновациялық бастамаларды дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстар атқарылатын болады.

Advertisements