“Актив ломбард” жабылған жоқ!

Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәлімдеме жасады. Құзырлы орган «Актив ломбард» мекемесіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілмегенін және аталған мекеменің жұмысы тоқтатылмағанын хабарлады.
“Сонымен қатар, “Актив ломбард” өз қызметін күнделікті жұмыс кестесіне сәйкес атқарып жатқанын назарларыңызға жеткіземіз”,- делінген Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.







