“АҚМЕШІТ” КОМАНДАСЫ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

🏆«Majilis Cup – 2025» мәреге жетті
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан «Majilis Cup – 2025» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды.
Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынды «Ақмешіт» командасы (Қызылорда) иеленсе,
2-орынды ASNews (Астана) алды. Ал 3-орын KFF Media (Астана) командасына бұйырды.
Сонымен қатар турнирдің жеке номинациялары бойынша үздіктер белгілі болды.
Үздік сұрмерген – Сапарғали Қанат (KFF Media, Астана)
Үздік қақпашы – Нұрислам Ғұмар (Атырау)
Үздік қорғаушы – Бақытжан Масақов (Sadaq Media)
Үздік шабуылшы – Нұржан Туғанбай (Шымкент)
Үздік ойыншы – Серік Әбілхан (Өскемен)
Марат Оспанов атындағы арнайы жүлдені – Әділет Құсайынов (Қазмедиа) иеленді.







