ШЫМКЕНТ ПЕН ТАРАЗДА ЖЕР СІЛКІНДІ

119

paparaci.kz Елімізде 6 желтоқсанға қараған түні тағы да жер асты дүмпуі сезілді. Алматыдан кейін Тараз бен Шымкентте 2 балл шамасында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

“ҚР ТЖМ “Сейсмологиялық зерттеулер институты” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 6 желтоқсанда Астана уақытымен 02:04-те жер сілкінісін тіркеді”,- делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 565 шақырым қашықта, оңтүстік-батыс бағытта, Өзбекстан аумағында болғаны нақтыланды.

Тараз бен Шымкенттегі есептік қарқындылық 2 баллды көрсеткен. Ешкім зардап шекпеген, ғимараттарға зақым келмеген.

Ал, Өзбекстан ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Наманган облысының Пап ауданы болған. Тереңдігі – 17 шақырым. Магнитудасы – 4,5. Ондағы дүмпулер күші – 5 баллға жеткен.

Бірер күн бұрын 4 желтоқсанда Қытайдың оңтүстік Синьцзян аймағында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер асты дүмпулері күшті болғаны сонша, оның дүмпуі Алматы қаласында және Алматы мен Жамбыл, Жетісу облыстарында сезілді.

 

Advertisements